Депутаттар ортақ істен шет қалмайды

Ақмола облыстық мәслихаты мен қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары еріктілер қозғалысына белсене қатыса отырып, халықтың әлеуметтік жағынан ақ қорғалған топтарына жан-жақты көмек көрсетіп келеді.

Бизнесмен депутаттар өз кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерін қолдаумен бірге, жергілікті жерлердегі халықты жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді, мұқтаж адамдарға жәрдемақыларын рәсімдеуге көмек көрсетеді.
Облысты карантин режиміне дайындау барысында барлық деңгейдегі депутаттар блок бекеттерді материалдық-техникалық жарақтандыру, ыстық тамақпен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай қол ұшын берді.
Депутаттар сондай-ақ, өз жеке қаржыларынан әлсіз топтарды қолдау қорларына қаржы аударды. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтардың түрлі санаттарына, атап айтқанда, көп балалы отбасыларына, жұмысынан айырылған жұмыссыздарға, зейнеткерлер мен мүгедектерге 25 миллион теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілді. Бұл көмек екі мыңнан астам отбасын қамтыды. Мұнымен бірге, депутаттар жалғызілікті және қарт адамдарға көмір, су, азық-түлік жеткізуді де ұйымдастыруда.
Ақмола облысының тұрғындарын қолдау тұрғысында депутаттар қатысатын шаралардың бәрі одан әрі жалғасатын болады. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың көптеген депутаттары бағаға бақылау жасайтын, азық-түлік өнімдері мен күнделікті қажетті тауарлардың бағасының өсуіне жол бермеуді мақсат тұтатын шұғыл рейдтік топтардың құрамында жұмыс істеп келеді.
«Адал көмек» жобасы аясында депутаттар аймақтық заңды кеңесшілер палатасымен бірлесіп, тегін заң кеңесін береді, әлеуметтік желілерде сөз сөйлеп тұрады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар