Ғалымдар коронавирустың жұғу қаупінің жоғары кезеңін анықтады

Ғалымдардың айтуынша, коронавирус індетінің жұғуы аурудың кезеңіне байланысты өзгеріп отырады екен. Осылайша коронавирус жұқтырған 94 науқасқа сынама жүргізілген. Тіпті, COVID-19 иммунитетте анықталғанға және аурудың алғашқы белгілері белгілі болғанға дейін жұқтыру қаупі өте жоғары болатын көрінеді.

Бүгінде әлем халқы осы қауіпті індетпен жаппай күресуде. Еліміздің әрбір тұрғыны әлеуметтік желілердегі жарияланған материалдарға құлақ түріп, оқып жатқанымен, одан қорғану немесе үрейлену деген әлі де болса, жеткіліксіз сияқты. Оны өзіміздің айналамыздағы адамдардың қарым-қатынасынан немесе, ауламызда алаңсыз ойнап жүрген балалардан байқауға болады. Әрине, ережелерді сақтау текке айтылып жатпағаны белгілі. Сондықтан, маска киіп, арақашықтықты сақтағанымыз әрбіріміздің денсаулығымыз үшін пайдалы. Ал, бүгінгі ғалымдардың дәлелдемесі «Nature Medicine» журналында және Қытайдың Гуанчжоу медициналық университеті мен Гонконг университетінің зерттеулерінде жазылған.
Ғалымдар коронавирус жұқтырған 94 науқастың шырышты қабығын уақыт өте келе вирустың генетикалық материалының көлемі қаншаға өзгеретінін бақылау үшін сынамадан өткізген. Вирус деңгейі оның алғашқы белгілері анықтала бастағаннан кейін артынша 21 күн бойы азая бастайтыны белгілі болған. Демек, вирус иммундық жүйе оның бар-жоғын анықтамай жатып, инфекция басталған сәтте көбейе бастайды. Иммунитет вирустың бар екенін анықтаған соң вирустың көбеюі қиындай түседі. Жоба авторлары вирус жұқтырған адамдар арасында 77-сіне зерттеу жүргізген.
Коронавирус жұқтырған науқас ауру белгісі пайда болғанға дейін екі күн вирус тасымалдаушы болып саналады екен. Бұдан қалай үрейленбеске? Сонымен, ауру таратудың ең көп болатын кезеңі белгілер пайда болғаннан бір күн бұрын жетеді екен. Бұл коронавирус белгісі анықталғаннан кейін вирусты жұқтырушы болып табылмайды деген сөз емес. Сондықтан, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік», ағайын!
А. СЕЙІТҚАЛИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар