Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қашықтықтан қызмет көрсетеді - АРҚА АЖАРЫ

Қашықтықтан қызмет көрсетеді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мынаны хабарлайды.

Төтенше жағдайды, карантин режимін, коронавирусты инфекцияның таралуына қарсы іс-қимылдың өзге де шектеу шараларын енгізу жағдайларында Агенттік Ұлттық Банкпен және банктермен бірлесіп әлеуметтік және қайырымдылық төлемдер алатын азаматтарға қашықтықтан қызмет көрсету үшін шаралар қабылдады.
Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жедел түрде белгілеу үшін банктер көрсетілген төлемдерді бұрыннан бар банк шоттарына есептейді. Бұл шара халыққа арнайы шоттармен ғана шектелмей, банктерде кез-келген шоттарды пайдалануға мүмкіндік береді, олар бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдерді есептеу үшін қолданыстағы заңнамада көзделген.
Банк шоттары банктердің бөлімшелеріне бару қажеттілігінсіз электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе серпінді сәйкестендіруді пайдалана отырып қашықтықтан ашыла алады.
Қашықтықтан, яғни, азаматтардың банктердің филиалдарына және бөлімшелеріне бармай 13 банк шоттар ашады, оның ішінде «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, «Kaspi Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ ЕБ, «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «First Heartland Jýsan Bank» АҚ, «Bank RBK» Банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ, «Нұрбанк» АҚ.
Қазіргі уақытта бұл банктерге бөлшек төлемдік-есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін банктерде ашылған жеке тұлғалардың 67 434 128 шотынан 99 пайызы
тиесілі.
Жалпы алғанда, шотты қашықтықтан ашу және әлеуметтік төлемдерді алу алгоритмі мынадай болады.
1. Клиент банктің сайтанда не мобильдік қосымшасында ЖСН-ды, телефон нөмірін, аты-жөнін енгізе отырып шот ашуға және карта (пластикалық/виртуалды) алу үшін өтінімді толтырады;
2. Клиент өтінімді банктің менеджеріне немесе SMS-хабар арқылы растайды;
3. Клиенттің жеке басы фото, бейне немесе ЭЦҚ көмегімен қашықтықтан расталады, яғни, шартқа қашықтықтан қол қояды.
Банк-клиент жүйесінде онлайн сәйкестендіру көзделмеген банктер клиентті авторизациялауды курьер төлем картасын жеткізген кезде тікелей (өтінім берілген күннен бастап 5 күн ішінде) жеке басын растау және шот шартына қол қою арқылы жүзеге асырады.
Барлық 13 банк SMS-хабарлар немесе мобильдік қосымша арқылы клиентке оның 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтінім беру үшін қажетті нөмірін (IBAN) көрсете отырып, шотты қашықтықтан ашу туралы хабарлама жібереді.
10 банк, оның ішінде «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Хоум Кредит энд Финанс Банк» АҚ ЕБ, «АТФБанк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «First Heartland Jýsan Bank» АҚ, «Bank RBK» Банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Альфа-Банк» ЕБ АҚ төлем карталарын шығаруды және үйлеріне жеткізіп беруді жүзеге асырады.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында төлем карталарын жеткізу шот ашуға өтінім берген күннен бастап 1-3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Банктер карталарды жеткізуді күн сайын, демалыс күндерінсіз, сағат 09.00 – 20.00 аралығында жүзеге асырады. Басқа өңірлерде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан жеткізу өтінім берген күннен бастап 5-10 жұмыс күні ішінде (жұмыс күндері сағат 09.00 – 20.00 аралығында, сенбі күні сағат 09.00 – 16.00 аралығында) жүргізіледі, бұл мерзім 3 жұмыс күніне дейін қысқарады.
«Қазақстанның Халық банкі» АҚ-та, «Kaspi Bank» АҚ-та, «ForteBank» АҚ-та және «Сбербанк» АҚ» ЕБ-де төлем картасын пайдаланбай-ақ қолма-қол ақша алуға болады. Көрсетілген төрт банкке халықтың барлық банк шотының 82 пайызы тиесілі.
Көрсетілген банктерде қолма-қол ақшаны QR-кодты сканерлеу арқылы не алушының мобильді телефонына SMS-хабар арқылы жіберілетін құпия кодты банкоматта енгізу жолымен банкомат арқылы төлем картасын пайдаланбай-ақ алуға болады.
Азаматтардың банк шоттарына банктердің әлеуметтік және қайырымдылық төлемдерді есептеуі кезінде Агенттік банк комиссияларын алуға тыйым енгізді.
Төтенше жағдай және карантин жағдайында қолма-қол ақша берудің үздіксіздігін бақылау және қолма-қол ақшасыз транзакцияларды жүргізу үшін Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп банкоматтардың, төлем терминалдары желісінің және банктердің өзге де қашықтықтан сервистерінің жұмысына мониторингті қамтамасыз етеді.
Шотты қашықтықтан ашу қызметтерін көрсететін банктердің интернет-ресурстарында банк шоттарын онлайн режимде ашудың қадамдық нұсқаулығы орналастырылған, коммуникация үшін мобильдік қосымшалардың, пошта хабарларының және телефон байланысының сервистері пайдаланылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар