Ауыл еңбеккерлері дән риза!

Мұрат ІРГЕБАЕВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін айтқан болатын.

Осы орайда, республика бойынша осы саладағы кәсіпкерлерге бюджеттен 70 миллиард теңге, оның ішінде ақмолалық кәсіпкерлерге 20,7 миллиард теңге бөлініп, таратылды. Сондай-ақ, Президент Үкіметке көктемгі егіс науқаны үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Бұған дейін де жыл сайын 600 миллиард теңге бөлініп келгенін атап өткен жөн.
Әзірше бұл қаржыны «ҚазАгро» акционерлік қоғамы аудара қойған жоқ. Бүгінгі күні аталмыш бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, механизмдері қарастырылуда. Президент ең алдымен, шағын және орта шаруа қожалықтарына қолдау көрсету қажеттігін баса айтты. Осы орайда, облыс шаруа қожалықтарына ерекше назар аударып отырмыз. Сонымен қатар, Үкіметке жанар-жағар майдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндеті жүктелді. Бүгінгі күні республика көлемінде 390 мың тонна, ал, Ақмола облысында 68 мың тонна жанар-жағар май жеңілдікпен сатылуда. Бекітілген кесте бойынша ақмолалық диқандар наурыз айында 30 мың тонна дизель отынын тасымалдап алды. Сәуірде 19,7 мың тонна, мамыр айында 18,3 мың тонна жанар-жағар май тасымалданады. Осынау іс-шаралардың бәрі қазіргідей күрделі кезеңде азаматтарды және отандық бизнесті қолдауға бағытталуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар