Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Игі істер эстафетасы жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Игі істер эстафетасы жалғасуда

Барша адамзат баласы коронавирус ауыртпалығымен бетпе-бет келіп отырған қазіргідей қиын-қыстау кезеңде ауданның жомарт азаматтары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қол ұшын беруде.

Аудандық мәслихат депутаты, «Агро Likе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Андрей Галюк Приозерный ауылында еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер тұратын екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырын жөндеуге қаржылай көмек көрсетті. Айта кетейік, үйдің шатыры жуырда болған дүлей дауылдың салдарынан опырылып түскен еді.
Ал, Веселый селолық округінің тұрғындарына «Жыланды-2004» серіктестігінің директоры Ілияс Съезбеков тегін ұн таратты. «Колос», «Золотая Нива» серіктестіктерінің басшысы Спиридон Джейранов Васильевка және Тучной ауылдарында тұратын тыл еңбеккерлері мен мүгедектерге, жалғызілікті қарттарға және толық емес отбасыларына демеушілік көрсетіп, аталған отбасылардың барлығы 25 келілік бір-бір қаптан ұн алды.
Ауданда осындай қайырымдылық істер жайлы мысалдарды көптеп келтіруге болады. «ПЗ Балкашинский», «Байдалы», «Белгородское», «Мәдениет» серіктестіктерінің, «Сұлтан» шаруа қожалығының жетекшілері мұқтаж жандардан көмектерін аянып қалып жатқан жоқ. Волонтерлердің де игі шаралардың бір жағынан шығысып жатқанын айта кету қажет. Еріктілер Сандықтау ауылдық мәдениет үйінің шатырын қалпына келтіруге көмектесті. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындардың жергілікті жердегі кәсіпкер азаматтарға, қайырымды жандарға алғыстары шексіз.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар