Жеріңнің аты – еліңнің тарихы

Астрахан ауданы

Таволжанка – Қараоба. ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс. Омбы облыстық тарихи архиві №198 қор, 3-тізім, 13-картадан (Карта переселенческих и запасных участков Атбасарского уезда Акмолинской области) қазіргі Астрахан ауданында бірнеше қазақ ауылдарының үстіне қоныс аударушылар келіп қоныстану барысында басқа атаумен селениелер пайда болғандығын көруге болады. Таволжанка ауылының тарихи аты Қараоба екені жөнінде де бірнеше дерек бар. №198 қордағы дерекпен қатар, Таволжанканың бұрынғы атауы Қараоба екендігі ОМА №371 қор. 1-тізім, 56а-іс. 1914 жылғы «Ақмола облысы, Ақмола уезі қоныс аудару аудандарындағы елді орналастыру (бос жерге) барысы туралы мәлімдеме» атты құжатта да жазылған. Ақмолалық өлкетанушы Клара Әмірқызы «Атақоныс ақиқаты» атты өлкетану жазбасында (38-бет): «Қараоба жеріне 1890 жылы салынған Таволжанка селосына Кубань, Орынбор, Самар, Ставрополь, Таврия, Харьков т.б. жиналған 84 отбасы – 641 адам XIX ғасырдың аяғына дейін орнығып болады. Бұл поселкені салушылар Самар губерниясының Николаев оязы, Таволжан болысынан келгендіктен селоның атын да Таволжанка қойыпты»,– деп жазады.
Новочеркасское – Шаншар. ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс. Қолда бар деректер бойынша Астрахан ауданында орналасқан Новочеркасск ауылының бұрынғы атауы – Шаншар. Бұл туралы Омбы облыстық тарихи архиві №198 қор, 3-тізім, 13-картада анық бейнеленген. Сондай-ақ ОМА №371 қор. 1-тізім, 56а-іс. 1914 жылғы «Ақмола облысы, Ақмола уезі қоныс аудару аудандарындағы елді орналастыру (бос жерге) барысы туралы мәлімдеме» атты құжатта да сақталған. Келесі бір дереккөз бойынша К.Әмірқызының «Атақоныс ақиқаты» өлкетану жазбасында (37-38-беттер) «Астрахан селосына таяу жердегі Шаншар ауылының үстіне Новочеркасское селосын да Доннан келген мұжықтар 1895 жылы салғаны жайындағы деректер де жазылып қалған.
…Новочеркасское поселкесі орнаған жерді қазақтар бұрын «Кіші Тасмола», Семеновка поселкесін «Үлкен Тасмола» деп атаған кездері де болыпты. Оның мәні Ақмола қорғаны орнағаннан кейін, шамалы аяқ жетер жерлерде топ-топ солдат ұстау үшін орын жасағаны ел аузында қалыпты. Әскер тұрған сондай орынды сырттан қазақтардың атты сарбаздары шабуыл жасай алмас үшін биік қылып, тастан қалап қорған жасаған көрінеді. Бұл «тасмолалардың» қалдығы 1943 жылға дейін сақталғанын көзі көрген жергілікті тұрғындар әңгімелейді.
…Сонымен Шаншар жерін иеленген Новочеркасское селосына XIX ғасыр соңында Курскіден, Полтавадан, Черниговтан 7 отбасы – 40 адам, Саратовтан 18 отбасы – 108 адам, Тамбов пен Харьковтен 16 отбасы – 134 адам, барлығы 10 губерниядан келген 49 отбасы – 347 адам тұрақтап қалыпты» – деген деректер кездеседі.
Петровка – Жыланды. Астрахан ауданындағы Петровка ауылының бұрын Жыланды деп аталғандығы туралы дерек Омбы облыстық тарихи архиві №198 қор, 3-тізім, №13-картада және ОМА №371 қор. 1-тізім, 56а-іс. 1914 жылғы «Ақмола облысы, Ақмола уезі қоныс аудару аудандарындағы елді орналастыру (бос жерге) барысы туралы мәлімдеме» атты құжатта анық көрсетілген. Сонымен қатар, К. Әмірқызының «Атақоныс ақиқаты» атты өлкетану жазбасында (39-бет) былай делінген: «1895 жылы Қушоқы, Қоскөлді мекендеп отырған ауылдардың жерлерін Эстляндия, Лифляндиядан келген эстондықтарға крестьян шенеуніктері бөліп беріпті. Олар өздерінше Петровское деп атап, қоныстанған. Бұл жерде ордалы жыланға мекен болған қырат төбе жақын екен. Сондықтан болар қазақтар оны «Жыланды» – деп атаған екен».
Камышенка – Балықты. Астрахан ауданы жеріндегі Камышенка ауылының бұрынғы атауы – Балықты. Бұл туралы деректер ОМА №371 қор. 1-тізім, 56а-іс. 1914 жылғы «Ақмола облысы, Ақмола уезі қоныс аудару аудандарындағы елді орналастыру (бос жерге) барысы туралы мәлімдеме» атты құжатта және К.Әмірқызының «Атақоныс ақиқаты» атты өлкетану жазбасында (39-бет) кездеседі. Яғни, жазбада «Осы жылы (1899 жыл) Балықты көлін мекендеп отырған аға сұлтан Ыбырайдың тұңғышы Теңізден туған Садық қажының жеріне Саратовтан келгендер «Камышинское» деп ат қойып, қоныс салып алған» – делінген.
Акимовка – Сарыкөл (Базармола). ОМА №317 қор. 1-тізім. № 58-іс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар