Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары! Биылғы жылдың 14-ші маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 199 жағдайы тіркелді, оның төртеуі қайғылы аяқталды. Облыс орталығында жағдай күрделене түсті. Мониторингтік топтың жұмыс тұрғындардың өздері мен туыстарының денсаулығына немқұрайлы қарайтындығын көрсетті. Жаппай отбасылық шаралар – туған күн, үйлену тойы, дұға, жерлеу рәсімдері тәрізді шаралардың өткізілетіндігін көрсетті. Сантиралық эпидемиологиялық талаптарды орындамайтын кәсіпорындар да бар. Барлық жағдай бойынша әкімшілік шаралар қолданылуда.
Соңғы аптада Көкшетау қаласы бойынша қауіпті вирус жұқтырғандар саны 80 пайыздан асып, 42 адамды құрады. Оның ішінде ауру белгісі барлар — 15, ауру белгісі білінбейтіндер — 27.
Еске сала кетейік, ауру белгісі білінбейтіндер — олар аурудың сыртқы белгілері: жөтелу, дене қызуының көтерілуі сияқты өзге де белгілері білінбейді. Алайда, зерттеу қорытындысы оң нәтиже беріп, олардың вирусты белсенді тасымалдаушы екенін көрсетті.
Бүгінгі таңда Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесінде 49 адам, провизолық станционарында 63 адам емделіп жатыр. Орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын қайта күшейту туралы шешім шығарылды.
Айталық, маусымның 15-і күні кешкі сағат 20:00 бастап Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы күшіне енеді. Көкшетау қаласының айналасындағы 7 блок-пост қалпына келтіріліп, азық-түлік және тұрмыстық химия, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда орындарының, спорттық нысандары, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен діни мекемелердің жұмысы шектеледі.
Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындардың денсаулығын сақтау үшін қажет. Бұған түсіністікпен қарауды және жеке қауіпсіздік шараларын елемеуге бармауды сұраймыз. Үйден шығуды шектеу, маска тағу, қолды антисептикпен жуу, қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын орындарға бармау қажет.
Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.