Қала әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығындағы эпидемиологиялық жағдайдың өршуі және коронавирус жұқтырған тұлғаның анықталуы, сондай-ақ, жақын байланыста болған адамдардың «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-нен табылуына байланысты аталмыш кәсіпорынның қалаішілік бағыттағы автобустарының қозғалысына шектеу қойылды.
Бұлар қалаішілік №1,5,9,10,11,12,13,15,15А,16,18,25 бағыттағы, саяжайға қатынайтын №36 бағыттағы автобустар. Енді бұл негізгі бағыттарды «СейНұр фирмасы» ЖШС-нің №9 (2 рет шығады), №12 (4 рет шығады), №13 (1 рет шығады), «Қалышев ЖК» кәсіпорнының №18 (1 рет шығады), «АТП-Тұлпар» кәсіпорының №36 (1 рет шығады) автобустары қамтамасыз етеді. Қалған 8 бағыт бойынша алдағы уақытта қосымша шара қолданылады және ол туралы ескертілетін болады.
Алпысбай СЕЙІТ.