Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2021 жылы балаларға берілетін жәрдемақыны кімдер, қалай алады және қанша төленеді? - АРҚА АЖАРЫ

2021 жылы балаларға берілетін жәрдемақыны кімдер, қалай алады және қанша төленеді?

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өседі.
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.
Бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 110 846 теңге;
Төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге. Ал, отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.
Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем:
Бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;
Екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге;
Үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;
Төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 25 962 теңге.
Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі:
Соңғы екі жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10 пайыз зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.
Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 2 500 000 теңге табыс тапты делік. Осы соманы 24 айға бөлеміз: 2 500 000/24= 104 166 теңге.
104 166 теңге – орташа айлық жалақы.
104 166*0,4 = 41 666 теңге.
41 666 теңгенің 10 пайызы, яғни, 4 167 теңгесі – ай сайынғы зейнетақы жарнасы.
Сонда жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін ай сайын 37 499 теңге алып отырады.
Жүктілікке және босануға байланысты төлем
Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі: орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. Коэффициент 4,2-ге тең.
Мысалы, соңғы бір жыл ішінде табысыңыз 1 800 000 теңге болды. Осы соманы он екі айға бөлген кезде орташа жалақы шығады.
1 800 000/12 = 150 000 теңге; 150 000 теңге * 4,2 = 630 000 теңге; Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз. 630 000 – 63 000 = 567 000 теңге.
Яғни, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлем
567 000 теңгеге тең болды.
Көп балалы аналар «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 18 669 теңге.
Көп балалы отбасыларға төленетін жәрдемақы
2020 жылдың қаңтарынан көп балалы отбасыларға табысына қарамастан, бала санына қарай сараланған мөлшерде жәрдемақы төленеді.
2021 жылы оның мөлшері:
• 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 47 548 теңге;
• 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
• 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
• 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 81 851 теңге;
8 және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар