Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ми жұмысын жақсартатын өнімдер - АРҚА АЖАРЫ

Ми жұмысын жақсартатын өнімдер

Адам қашанда мимен жұмыс істейді. Ал, күнделікті дұрыс тамақтанбау мидың жұмысына қатты әсер етеді екен. Бұл көңіл-күйдің нашарлауына, жиі шаршауға әкеліп соғады. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін қандай өнімдер тұтыну керектігін диетолог Елена Соломатина Sputnik радиосына берген сұхбатында айтыпты.

Сонымен, дәрігердің пікіріне жүгінсек, тағамның құрамында холиннің жеткілікті мөлшері болуы маңызды. Ол жұмыртқаның сарысында, қой етінде, сондай-ақ, сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта болады. В 12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну қажет. Мұның бәрі мидың жұмысын ынталандыратынын айтқан дәрігер:
– Холин – ацетилхолиннің бастамашысы, ол жүйке импульсінің берілу жылдамдығын қамтамасыз етеді.  B12 дәрумені бар өнімдерді тұтыну маңызды. Ағзада оның мөлшері азайса, бастың айналуы, шаршаңқылық  пайда болады. Ми үнемі оттегі алуы үшін темірге бай өнімдер – бауыр, қызыл ет жеген абзал, – дейді диетолог.
Десе де, ол аталған өнімдерді шамадан тыс тұтыну ағзаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Мөлшерсіз тамақтану кезінде олардың құрамындағы токсиндер барлық пайдасын бейтараптандырады екен. Сондай-ақ, дәрігер  тұтынылатын тәттілердің мөлшерін шектеп, көкөністер мен жемістерді көбірек жеуге шақырды. Олай болса, денсаулығымыздың жақсы болуы өзіміздің қолымызда. Сабырлы болып, дұрыс тамақтану мидың оттегіні мүмкіндігінше мол алуына пайдасы зор.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар