Құрметті Ақмола облысының қыз-келіншектері! Ардақты аналар! Көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдердің сұлулығы, сезімталдығы, жан жылуы, жоғары кәсібилігі әлем тарихының бағытын өзгерткен көптеген мысалдарға толы. Ұлы шайқастардағы жеңістер, теңдесі жоқ өнер туындыларын жасау және ең үлкен ғылыми жаңалықтар сіздерсіз мүмкін болмас еді. Біздер үшін шабыт пен қуаныш сыйлағандарыңыз үшін мың алғыс.
Бүгінде сіздер мықты басқарушы, үздік педагог, әлемдік ғылымның шырағданы және талантты кәсіпкерсіздер. Сонымен қатар, біздер үшін өмірдің адал серіктері, қамқор ана, пікірлес және үлкен жетістіктерге жетелейтін адамсыздар. Даналықтарыңыз шаңырағымызды қорғауға, еңбек ұжымдарын басқаруға үйретеді. Шыдамдылықтарыңыз күнделікті өмірдің қиындықтарына төтеп беруге, мейірімділіктеріңіз балалар мен немерелерді тәрбиелеуге игі ықпалын тигізеді.
Кез-келген жаста ата-анамыз біз үшін қымбат, әрқашан олардың алдында қарыздармыз. Аналарымызға деген құрметіміз шексіз, олардың үлкен сүйіспеншілігі, түсінігі мен кешірімі үшін зор алғыс айтамыз. Көп жылдар өтсе де олардың сабақтары мен нұсқауларын, мейірімді жүздерін есте сақтаймыз.
Аяулы ханымдар! Көңілдеріңіз әрдайым көктемдей шуақты, ал бақыт, махаббат пен сәттілік әрқашан бірге болсын! Сіздерге қуанышты көңіл-күй, үйлеріңізге бейбітшілік, бизнес пен бастамаларға сәттілік, денсаулық және белсенді ұзақ өмір тілеймін!
Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Бүгінде әйелдер үлкен рөл атқармаған қоғамдық өмірдің бір де бір саласын атау мүмкін емес. Әйелдер мемлекет негізі – отбасының сақтаушысы болып табылады. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз берілген.
Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, өмірдің қайнар бұлағы! Қымбатты ханымдар! Сіздерге айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің осы бір шұғылалы мерекесі өздеріңізге шуақты шаттық пен баянды бақыт сыйласын, әрбір арайлап атқан таңдарыңыз қуаныш пен шаттыққа тола берсін. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт тілеймін!
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дегене сөз бар. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ер азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын!
Кұрметпен,
Ақмола облыстық сотының төрағасы
Досжан Әмір.