Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті академияның оқытушылары мен курсанттары! Құрметті ақмолалықтар! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құрметіне «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғаныс Академиясы» мемлекеттік мекемесі мәртебесінің берілуіне байланысты баршаңызды құттықтаймын!

Қазақстандағы белгілі де абыройлы оқу орындарының бірі болып саналатын Көкшетау техникалық институтының Академия мәртебесіне ие болуы және академияға біздің даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин есімінің берілуі біз үшін үлкен мәртебе әрі зор қуаныш! Бұл ел үшін жасаған ерліктің және ер есімінің ешқашан ұмытылмайтындығының жарқын көрінісі болып саналады.

Осы бір қуанышты сәтте Академия ұжымы еліміздің азаматтық қорғанысын одан әрі нығайту жолында білімді де білікті кадр-лар даярлауды одан әрі жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтерілетіндіктеріне сенімдімін. Сондай-ақ, батыр атындағы академия курсанттары терең білім алып, ертеңгі күні Тәуелсіз елімізге адал қызмет етуге міндетті екендіктерін терең сезінуге тиісті.

Біз ақмолалықтар тәуелсіз мемлекетімізді нығайтып, еліміздің береке-бірлігін сақтап, алдымызда тұрған тың да жаңа міндеттерді орындау жолында абыройлы биіктерге, толымды табыстарға қол жеткізуді өзіміздің басты мақсатымыз санаймыз. Осы бір мақсатты жолдағы еңбектеріміз жана берсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар