«Көкшетау-Атбасар» тас жолында үш көлік соқтығысты

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Атбасар» автожолының 14-ші шақырымында орын алған. Бұл туралы мамырдың 16-да сағат 14:45 шамасында Зеренді аудандық ПБ кезекшілік бөліміне хабарланған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, Көкшетау бағытында жүріп келе жатқан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Көкшетау қаласының тұрғыны, 40 жастағы әйел басқарған «Nissan maxima» жеңіл көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан «Nissan maxima» автокөлігі өзге «Mitsubishi Canter» автокөлігіне барып соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Mitsubishi Canter» автокөлігінің жүргізушісі, Сондай-ақ, «Nissan maxima» жеңіл көлігінің жолаушылары 37 жастағы ер адам мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар ауруханаға жатқызылды» – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі терегу шаралары жүргізілуде.
«Toyota Land Cruiser» автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына орналастырылды. Сараптама тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар