Саяжай кооперативтері басшыларымен бірлесіп шешілетін мәселе

Соңғы кезде электр қуатын тарататын біздің кәсіпорынға облыс орталығындағы саяжай аумағы тұрғындарынан көптеген өтініштер келіп түсуде.

Олардың бұл өтініштері жөнінде әлеуметтік желілерде де айтылуда. Мәселен, «Көкшетау Энерго» серіктестігі неге Зеренді және Краснояр саяжайларына қызмет көрсетпейді? Саяжай тарифі қандай? Неліктен тұрғындар заңды тұлға ретінде төлейді? деген тәрізді сауалдар түсіп жатады. Осындай сипаттағы сауалдарды бірлесе шешу керек, әйтпесе тұрғындардың өзекті проблемалары жылдан-жылға көбейе береді.

«Көкшетау Энерго» серіктестігі Зеренді және Краснояр саяжайларына қызмет көрсетпейді. Өйткені, электр желілері мен жабдықтар компанияның балансында емес, олар тұтынушы кооперативтері мен бау-бақша серіктестіктеріне тиесілі. Бірақ, «Көкшетау Энерго» компаниясы осы трансформаторлық қосалқы стансалардың қуаттылығы және жабдықтары жөнінде мәлімет бере алады.

Әуе және кабель желілерінің ұзындығы жөнінде түсініктеме берген кезде трансформаторлық қосалқы стансаларға, олардың теңгеріміндегі электр беретін желілеріне техникалық қызмет көрсетуге кооперативтермен келісім-шартқа отырып, жүзеге асыруға дайын. Қажетті деректерді алғаннан кейін біз электр жабдықтарын есептеу және жөндеу бойынша келісім-шарт дайындаймыз. Өйткені, кооперативтерде апаттық жағдай туындаған кезде олардың желілеріне қызмет көрсететін білікті мамандар жоқ. Желілердің көбі тозғандықтан, бұндай жағдайлар жиі туындайды. Сондай-ақ, «Көкшетау Энерго» серіктестігінің желілеріндегі апаттық жағдайды туғызатын оқиғаның 70 пайызы тұтынушылар иелігіндегі электр қондырғыларының салдарынан орын алады. Олар өз жабдықтарын тиісті жағдайда ұстамайды. Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі 102-бабтың 4-тармағына сәйкес, қосалқы шаруашылық және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын азаматтар ортақ мүдде үшін құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жай серіктестіктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтеріне бірігуге құқылы.

Кооперативтер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі 228-бабтың 1-тармағына сілтеме жасайды. Мұнда «бау-бақша серіктестігі» ұғымы нақты жазылмайды, әңгіме мағыналық ұғым және «жай серіктестік» құру туралы болып отыр. Алайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында «бау-бақша серіктестігі» деген нақты ұғым жоқ, сондықтан азаматтардың ерікті бірлестіктері сөзбе-сөз мағынада «тұтыну кооперативі» деп түсіндіріледі.
Биылғы жылғы Қазақстан Республикасы «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының 1-бабында «тұтыну кооперативі – қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi деп жазылған. Заңдағы 6-бабтың 1-тармағына сәйкес, тұтыну кооперативі заңды тұлға болып табылады. Осы орайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым кооперативтерге тұтынған электр энергиясы үшін тарифті коммерциялық есепке алу құралының көрсеткіштеріне сәйкес заңды тұлға ретінде 1кВт/сағ үшін ҚҚС қоса есептегенде 24,17 теңге бағасын ұсынады. Бұл жерде «Көкшетау Энерго Центр» серіктестігі мен кооператив арасындағы есеп айырысулар энергия беруші ұйымдар мен кооператив желісінің тиесілілігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алудың бас аспабының көрсеткіштері бойынша ғана жүзеге асырылатынын толығырақ түсіндіргіміз келеді. Кооператив «Кокшетау Энерго Центр» серіктестігі үшін абонент болып табылады, демек, онымен бір абоненттік шот бойынша есеп айырысады.

Бірқатар кооперативтер энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифінен басқа, саяжай учаскелерінің иелеріне тұтынылған электр энергиясы үшін қосымша үстеме баға қосады. Бұны желілердегі шығындар, күштік трансформаторлардың бос жұмыс істеуі, сондай-ақ, осы желілерге техникалық қызмет көрсету деп атайды. Осыған байланысты, кооперативтерде электр энергиясы үшін төлем бекітілген сату бағасынан өзгешелеу болады. Жоғарыда айтылғанның негізінде біз энергиямен жабдықтаушы ұйым мен тұтынушы арасындағы өзара есеп айырысулар мен тараптардың жауапкершілігі туралы өзара қарым-қатынастар айқындалатын келісімдерді әзірледік. Бұл келісімдер де тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясының орташа босату тарифіне көшу алгоритмі кооперативтер төрағаларымен кездесуде қарастырылып, зерттелді. 2020 жылдың 18 қыркүйегінде өткен кездесуде бірлескен шешім қабылданды. Барлық қатысушылар «Көкшетау Энерго Центр» серіктестігі әзірлеген келісімдермен келісті. Келісім-шартта тұтыну кооперативтері бұрын жасалған электрмен жабдықтау шарттарына құқық белгілейтін құжаттарды ұсынуы қажет деп айтылған.

Қазақстан Республикасы Заңнамасындағы соңғы өзгерістерге байланысты барлық кооперативтер қысқа мерзімде тұтыну кооперативіне тіркеліп, «Тұтыну кооперативі туралы» биылғы жылғы № 197-II ҚР Заңының ережелеріне сәйкес, электр жабдықтау шартын қайта жасайды. Кооператив аумағында орналасқан «Көкшетау Энерго Центр» серіктестігі міндетті түрде электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктері мақсатында пайдаланатын тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау шарттарын ресімдеуді және жасасуды жүргізеді. Жоғарыда көрсетілген тармақтарды орындағаннан кейін кооперативтермен тұрмыстық қажеттіліктер үшін орташа босату тарифі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі келісімдерге қол қойылатын болады. Алайда, бүгінгі күні бұл талаптарды тек қана үш кооператив қана орындады. Қазіргі уақытта оларға тұрмыстық тұтыну үшін орташа жіберу тарифі қолданылады. Қалған саяжай кооперативтері белгісіз себептермен осы уақытқа дейін жеке тұлғалардың тарифіне көшуге ниет білдірген жоқ.
«Көкшетау Энерго» серіктестігінің
баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар