Ақкөлде Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу шарасы өтті

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Ақкөл қаласында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

Аты аңызға айналған генералдың өмір жолы – көптеген әскери қызметшілер үшін батылдық пен Отанға деген шексіз берілгендіктің үлгісі. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрін еске алуға оның туыстары, достары, әріптестері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, «Жас сарбаз «балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі атап өткендей, қатысушылар Сағадат Нұрмағамбетов мемориалына гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Әр халықтың тарихында дәуірді анықтайтын, бірнеше ұрпақ үшін бүкіл ұлттың мақтанышын бейнелейтін адамдар бар. Біздің аты аңызға айналған жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов дәл осындай адам. Бүгін ол 97 жасқа толар еді. Біздің армиямызда ерлігі мен әскери еңбегі, егемен Қазақстанның Қарулы күштерін құруға қосқан елеулі үлесі және орасан қоғамдық қызметі бірнеше ұрпақтың өкілдері бағалайтын басқа адамды табу қиын», – деп атап өтті аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов митингті ашқан кезде.

Шараға қатысқандар Сағадат Нұрмағамбетовтың Тәуелсіз Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.
Айталық, Ақкөл ауданындағы №1 балалар үйінің базасында «Жас сарбаз» клубы ашылды, оның 20 тәрбиеленушісі салтанатты түрде әскери-патриоттық қозғалыс қатарын толықтырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар