Көктемгі егіс – 2021

Бүгінгі күні облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 3 миллион 168,5 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақ дақылдарын, 206,3 мың гектар жерге майлы дақылдар, 126,6 мың гектарға азықтық дақылдар септі. Сондай-ақ, 19,5 мың гектар алқапқа картоп, 3,4 мың гектар жерге көкөніс отырғызды.

Барлық жұмыстың 78 пайызын атқарған Бурабай ауданы алда келеді. Бұл өңірдің жалпы егіс алқабы 166,3 мың гектарды, оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары 123,8 мың гектарды құрайды. Бурабайлық диқандар күніне 12,5 мың гектар жерге дәнді және бұршақ дақылдарын сіңіруде. Бүгінгі күні бұл аудан 57 мың 325 гектар алқапқа бидай, 28 мың 374 гектарға арпа, 1 мың 265 гектар жерге сұлы, 327 гектарға қарақұмық, 422 гектар алқапқа бұршақ дақылдарын, 25 мың 199 гектарға майлы дақылдар,  6 мың 892 гектар жерге рапс, 270 гектарға күнбағыс, 18 мың 32 гектарға зығыр, 12 мың 813 гектар алқапқа азықтық дақылдар, 8 мың 974 гектар жерге біржылдық шөп, 2 мың 532 гектарға көпжылдық шөп, 1 мың 307 гектар жерге жүгері екті. Жергілікті тұрғындарды қоса есептегенде 3646,0 гектар алқапқа картоп, 379 гектарға көкөніс отырғызылды.

Сондай-ақ, Зеренді ауданының диқандары бұл жұмыстың 77,8 пайызын, Біржан сал ауданының диқандары – 75 пайызын атқарып үлгерді.
Жарқайың, Жақсы, Есіл аудандарының егіс алқаптары үлкен. Бүгінгі күні бұл өңірлер де барлық жұмыстың 72,1 және 71 пайызын орындады. Сөйтіп, облыс диқандары қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып, мол астықтың негізін қалауда.

Қарқын күн сайын артып келеді

Жарқайың ауданы бойынша 358,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себілді. Бұл барлық егіс алқабының 56,3 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, жоспарда көзделген 4,8 мың гектар жерге азықтық дақылдар, 900 гектарға картоп, 120 гектар жерге көкөніс толық отырғызылды.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бағдат Шоновтың айтуынша, биылғы жылы аудан бойынша 629,9 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар, оның ішінде 36,3 мың гектарға арпа, 600 гектарға сұлы, 70 гектарға қарақұмық, 300 гектарға бұршақ себіледі.

Көктемгі егістің алдында шаруашылықтардағы 63 мың тонна тұқым толық тексерілді. Қазір бұл тұқым ашық аспан астында кептіріліп, залалсыздандыруда. Аудан шаруашылықтары тұқымды залалсыздандыратын қажетті дәрі-дәрмектің 78 тоннасымен қамтамасыз етілген болатын. Қолда бар осы қор зор көмегін тигізуде.
Егіс науқанында 342 трактор, 2028 сеялка, 88 өнімділігі жоғары егіс кешені пайданылуда. Қажетті дизель отыны мен тұқым жеткілікті.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудан бойынша дәнді және бұршақты дақылдар 18-20 күннің ішінде егіледі деп жоспар іске асып келеді. Сөйтіп, аудан диқандары мол өнім алу үшін қолдағы мүмкіндіктің барлығын пайдалану қарекетінде.

Сын сағаттағы іскерлік

Биылғы жылы Біржан сал ауданының еңбеккерлері көктемгі егіс науқанына үлкен дайындықпен келіп, 195,3 мың гектар алқапта егіс жұмысын жүргізуді қызу қолға алып отыр.

Қазірдің өзінде күнделікті еселі еңбектің нәтижесінде 105,7 мың гектар алаңға тұқым себілді.
Жалпы биыл 169,1 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себіледі. Негізгі азық-түлік дақылы болып саналатын бидай 124 мың гектар жерге егіледі. Сондай-ақ, 33,7 мың гектар алқапқа арпа, 6,8 мың гектарға сұлы, 3,6 мың гектар жерге бұршақ себіледі. Майлы дақылдар 19,3 мың гектар алқапқа сіңіріледі деп жоспарланған.

Мал азықтық дақылдардың алқабы 8,3 мың гектарды құрамақшы. Сондай-ақ, биылғы жылдың азықтық шөбі 5,9 мың гектар жерге егіледі. Тұрғындарды есепке алғанда картоп 843 гектарға, көкөніс 95 гектар алқапқа отырғызылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Әубәкіровтың айтуынша, қазір 6,7 мың гектар жерге майлы дақылдар, 4 мың гектарға азықтық дақылдар себіліпті. 1 мың гектарға картоп, 90 гектарға көкөніс отырғызылыпты.
Аудан диқандары қазіргі ашық күндердің мол мүмкіндігін тиімді пайдаланып, таяу арада көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарып шықпақшы.

(Топтаманы әзірлеген «Арқа ажарының» өз тілшісі Рамазан ТІЛЕУОВ).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар