Өрт құтқару спорты: Ақмолалық ТЖД әйелдер құрамасы ел кубогының  жүлдегерлері атанды

24-29 мамыр аралығында Атырау қаласында ҚР ТЖМ «Өрт сөндіру-құтқару спорты федерациясы» ҚБ кубогына IV турнир өтуде.

Турнирге Қазақстанның ең үздік 10 ерлер және 8 әйелдер құрама командалары қатысады, жалпы алғанда 161 спортшы өз тәжірибесін, адам өмірін құтқару кезіндегі кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін бүкіл республикадан келеді.

Турнирдің I кезеңі оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабаты (ерлер) мен екінші қабаты (әйелдер) терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу кезеңі бойынша өтті. Турнир білікті әйелдер жүгірісінен басталды. Оқу-жаттығу мұнарасының терезе ойығына ілінген баспалдақпен 32,25 метр жүгіріп, мұнараның екінші қабатына көтерілу қажет. Әйелдер арасындағы «шабуыл сатысымен көтерілу» кезеңінің қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы біздің әріптесіміз Степногорск қаласы ТЖБ инженері Анастасия Хорошева иеленді.

Турнирдің I I кезеңі 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту.

Турнирдің I I I кезеңі өрт эстафетасы 4х100 метр.

Кезеңдердің нәтижелері бойынша біздің қыздар кедергілері бар 100 метрлік жолақтан және өрт эстафетасынан өтуде жалпыкомандалық 3 орынға ие болды. Турнир қорытындысы бойынша Ақмола облысының әйелдер құрамасы жалпыкомандалық 3 орынды жеңіп алды.

«Команда турнирге қызу дайындалды. Айта кету керек, біздің әйелдер құрамасы бұған дейін мұндай нәтижеге қол жеткізген жоқ. Әйелдер құрамасының тарихында алғаш рет жүлделі орынға ие болдық», –деп құраманың жаттықтырушысы Ербол Кийков түсіндірді.

Әріптестерімізге сәттілік, үлкен болашақ тілейміз, онда олар көптеген кәсіби жеңістерге жетеді.

Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жұртшылықпен байланыс тобы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар