Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латын әліпбиіне көшу – тілімізді дамытуға кең мүмкіндік ашады - АРҚА АЖАРЫ

Латын әліпбиіне көшу – тілімізді дамытуға кең мүмкіндік ашады

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан кейін мұқият дайындалдық» деген еді. Мақала жарық көрген кезден бастап латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты талқыланып келеді.

Бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу –әлемдік өркениетке ілесу, көштен қалмау және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасау деген сөз. Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамызды жаңғыртудың бір жолы. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз өз әсерін тигізері сөзсіз. Бүгінде латын әліпбиін дүниежүзі халқының 80%-ы қолданады. Бұл — қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, мүмкіндігі де зор екендігінің белгісі.

Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылады: дәрі-дәрмек атаулары, әртүрлі техникалық ғылым салаларындағы көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер және т.б. латын әліпбиімен байланысты. Сондықтан бұл қаріпті меңгерген отандастарымыз жер шарының қай түкпірінде жүрсе де ақпарат алып, хабар алмаса алады.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп, өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақты анықтап,қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталуы кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін үлкен маңызды.

Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі. Жаңа қаріп тілімізді әлемге танытады. Жазуды жаңғырту – тілді түлету. Ал, тілді дамыту елді өркендетеді.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу — ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Жайық Әбетов,

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері

жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының

жетекші маманы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар