Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмыс болса, күнкөріс те жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Жұмыс болса, күнкөріс те жеңіл

Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне көз жүгіртсек, ағымдағы жылы жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 9958 адам жұмысқа орналастырылған екен. Бұл өтінішпен жүгінгендердің жалпы санының 77,1 пайызын құраған.

Мәселен, жұмыс іздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1414 адам қатысса, олардың ішінде тұрақты және уақытша жұмысқа 1087 адам орналастырылған. Осылайша бос жұмыс орындарының 78 жәрмеңкесі өткізіліп, онда 1730 бос жұмыс орны ұсынылған. Сөйтіп, жұмыспен қамту шараларымен 212 адам қамтылып, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 49 адам жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 76, әлеуметтік жұмыс орындарына 14, жастар практикасына 38, алғашқы жұмыс орнына екі адам, кәсіптік оқытуға 33 адам жіберілген. Осы бағытта облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова:
– Өңірімізде биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз болса, ал, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2 пайызды құраған болатын. Әлеуметтік көмек көрсету саласына тоқталар болсам, осы жылдың бірінші тамызында 27168 адамға жалпы сомасы 1 060 761 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемдер төленді. Тарқатып айтар болсам, жалпы саны 2442 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, оның ішінде 10838 адамға 521612,3 мың теңге тағайындалды. Сөйтіп, 2388 отбасына нақты қаржылай көмек көрсетілсе, оның ішінде 10635 адамға 487862,6 мың теңге төленді, – деген ол, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарындағы 15328 адамға 543872,9 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленгенін де жеткізді.
Жалпы, облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, жыл басынан бері АӘК алатын отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2893 балаға азық-түлік жиынтығы түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілген. Сондай-ақ, екі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі ай сайынғы жәрдемақы АИТВ жұқпасы бар 14 балаға 5207,2 мың теңге сомасында төленген екен. Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының өңіріміздегі атқарылу барысына келер болсақ, «Бағдарламаның қатысушыларын техникалық және кәсіби біліммен және қысқа мерзімде оқытумен қамтамасыз етудің» бірінші бағыты аясында техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1685 адам жоспарлануда екен. Оның ішінде ағымдағы жылдың бірінші қазанынан бастап техникалық және кәсіптік оқуға 1190 адам қамтылатыны жоспарланса, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 495 адам, ал, бірінші тамызға 530 адамды оқыту қамтылған. «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» екінші бағыты аясында жұмыспен қамту шараларымен 2173 адам, соның ішінде, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1300 адам қамтылған. «Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және еңбек ресурстарына жұмылдыру арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша үшінші бағыты аясында 2615 адам белсенді жұмыспен қамту шараларына жоспарланған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар