Із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім қызға іздеу жарияланды

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қыркүйектің 21-де Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне Веденовка ауылының 47 жастағы тұрғыны хабарласып, қыркүйектің 20-да сағат 16:00 шамасында із-түзсіз жоғалған қызы Аягөз Сағындыққызы Қапезованы іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның сөзінше, 28.05.2006 жылы туған қызы белгісіз бағытта кетіп қалған.
Жоғалған адамды іздестіру үшін Бурабай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, оған қарасты күштер, сондай-ақ қоғам өкілдері жұмылдырылды.
Аягөз Қапезованың бойы 160-170 см, дене бітім орташа, қара шашты, бойы орташа, қоңыр көзді, денесінде ерекше белгілері жоқ. Үстіне сұр түсті күртеше, көк түсті джинсы, қызыл түсті кроссовка киген, өзімен бірге «Samsung» маркалы ұялы телефоны, қара түсті рюкзак болған.
Ақмолалық полицейлер жоғалған қызды көрген барлық адамдарға дереу полицияға 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар