Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығына орай, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қалалық ардагер кеңесінің жұмысына белсене қатысқандары үшін облыстық мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев, еңбек ардагерлері Тыныштық Ахметова, Күләш Темірбаева және Лариса Аитоваға Алғыс хаттар табыс етті.
Шара барысында жыл сайын ардагерлер арасында Қарттар айлығына орайластырылған дәстүрлі шахмат-дойбы турнирінің ашылуы өтті. Мерейтойлық 20-шы турнирге барлық тілек білдірген зейнеткерлер қатыса алады.
Іс-шараға Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Рүстем Қалышев қатысып, ардагерлерді өтіп жатқан Қарттар айлығымен құттықтады.
Нұрлан ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметкері.