Сауатты жарнама – мәдениеттіліктің белгісі

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдардың талаптарын орындау және Ақмола облысының қалалары мен аудандарындағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру мақсатында «Жарнама тілі – қоғам тәрбиесі» онлайн облыстық конференциясы өтті.

Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Б.Айтпаева конференцияның күн тәртібімен таныстырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қоғамдық орындардағы жарнама тілін түзетудің үлкен әсері бар екендігін айтып өтті.

Жарнама саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және жарнама мәтініндегі тілдік талаптардың дұрыс қолданылуы мәселелеріне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің «Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық» сөз болатын 75-бабына тоқталған Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова ҚР мемлекеттік бағдарламаларын өңірде жүзеге асыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпарат және жарнама саласындағы мәтін сауаттылығын сақтауда тығыз қарым-қатынас орнату мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, осы салада жұмыс атқарып жүрген әріптестеріне алғыс білдірді.

Шараға қатысқан Ақмола облысы бойынша қалалар мен аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Кабар Хайырым, оқыту-әдістемелік орталығының директоры мен әдіскерлері өзара тәжірибе алмаса отырып, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың тіл сауаттылығын қадағалау және реттеу, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сай рәсімделуін қадағалау қажеттігін айтты.

«Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға – сауаттылық!» тақырыбында Атбасар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, бөлімінің бас маманы Ерік Махатов, «Сауатты жарнама – мәдениеттіліктің белгісі» тақырыбында Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы Индира Арапбаева, «Жарқайың ауданында жарнамаларға қатысты атқарылған жұмыстар» тақырыбында Жарқайың ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, бөлімінің бас маманы Назира Шпанова баяндамалар жасады.

Өңірде мемлекеттік тілдің тазалығын сақтау, «жарымжан» жарнамаларға жол бермеу мақсатында рейдтік жұмыстар жиі жүргізіледі. Жарнамаларды сауатты рәсімдеу бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстары одан әрі де жалғасын табады деп отырмыз.

Индира АРАПБАЕВА,
Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар