Облысымызда алғаш рет варикозды тамырларға лазерлік ота жасалды

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында (МОБ) ангиохирургиялық бөлімше базасында алғаш рет аяқ веналарының варикозды кеңеюі кезінде эндовенозды лазерлік коагуляцияны (абляция) жүргізу бойынша мастер-класс өтті.

Жергілікті дәрігерлер үшін үш науқасқа ота жасауға MBA докторы, тамырлы хирург, интервенциялық рентгенхирург, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы интервенциялық рентгенхирургиясының басшысы Азат Шыналиев келді.

«Бүгінгі таңда варикозды емдеудің «алтын стандарты» бар-бұл тамырлардың лазерлік абляциясы. Менің сапарымның негізгі мақсаты – жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін олармен осы әдістемемен бөліскім келеді. Техниканың артықшылығы-ол жергілікті анестезиямен бір кішкентай пункция арқылы жүзеге асырылады. Отадан кейін науқас ұзақ оңалтуды қажет етпейді», – деп бөлісті Азат Шыналиев.

Дәрігердің айтуынша, бұрын мұндай ота тек үлкен қалаларда – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте ғана жасалған. Ақмола облысында алғаш рет жүргізіліп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар