Шортандыда газ баллоны жарылды. Үш адам көз жұмып, он адам зардап шекті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама кеше қарашаның 16-да сағат 21:38-де келіп түскен. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

«Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрді шарпыған. Өрт сағат 22:35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық тергеу-жедел тобы және зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеуде», делінген хабарламада.

Оқиға орнынан 3 адамның денесі табылды, зардап шеккен он адам ауруханаға жатқызылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар