Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызметкерлер болмысы әдебінен байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Қызметкерлер болмысы әдебінен байқалады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылып келеді.

Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметкердің моральдық бейнесін реттейтін ережелер жинақталған. Қоғам әр мемлекеттік қызметші өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызмет болған соң біз өз қызметімізде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиістіміз.
Сондықтан, қызмет көрсету барысында әр мемлекеттік қызметші адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуге кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұрулары қажет.
Инспекцияның мемлекеттік инспекторларының мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыларға заңдылық пен әділдікті сақтай отырып көрсететін қызмет туралы егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға тиіс деген ұстаным қатал сақталады.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлыққа, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, көрсетілетін тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Инспекцияда мемлекеттік мекеменің басшылары тарапынан қызметкерлерінің еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ, қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шаралар үнемі ескеріліп отырады.

Инспекцияның әр қызметкері шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тырысады. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиістігі де қатаң назарда болып келеді. Осы айтылғанның бәрі мемлекеттік қызметшілеріміз күнбе-күн ескеретін жайлар. Осы жолда тиісті жұмыстар бір сәт те есімізден шықпауы тиіс деген ойдамыз.

Сәуле МУСИНА,
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз
ету бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар