Елдігімізді көрсетейік, ағайын!

Бүгінгі күні ел басына күн туып жатқан уақытта қоғамның бірлігі мен елдің игілігі үшін ынтымақтасатын сәт келді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шешуші де сындарлы кезде ерік-жігер таныта отырып, батыл қадамдар мен нақты ой-қимылдарға тізгін беріп отыр.

Алдағы уақытта саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда біраз мәселелердің қайта қаралатынын, сөйтіп, халық мүддесіне сай іс-шаралар қабылданатынын айтып, оны сөзбен де, іспен де іске асыра бастады. Өкінішке орай, елде белең алған келеңсіздіктерден қан төгілді, жазықсыз жандар шейіт болды, ғимараттар өртеніп, ел шетіне өрт тиді, жұрттың еңсесі түсті, қоғамның тігісі сөгіле жаздады, басқа елдің алдында қара жамылып, ұнжырғамыз түсті… Бәрімізді ойландырған толғауы кем «ой, не болдық, кім кінәлі, қайда барамыз, болашағымыз бұлыңғыр ма, әлде қалай?» деген сауалдар туындады.

Қазіргі үміт те, сенім де тек Президентте, халықтың қолдауында. Қарашасы билігін сыйлап өскен қарға тамырлы қазақ емес пе едік?! Ендеше, тұғырымыздан таймайық, көшімізді ойрандатпайық, жел сөзге ермейік, жалаң ұран мен бос желпілге ұрынбайық, ағайын! Киелі еркіндігіміз бен қастерлі тарихымыздан сабақ алайық, Алаш ұранды, ер мінезді халық болсақ, тірнектеп жиған асыл құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді бағалай білейік!

Марат Сырлыбаев,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар