Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзгерістер кезеңіне қадам бастық - АРҚА АЖАРЫ

Өзгерістер кезеңіне қадам бастық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында елдегі қазіргі ахуалға шолу жасап, алда болатын түбегейлі өзгерістер туралы айта келіп, әлеуметтік мәселелерге де ден қойды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының білім саласына ерекше назар аударғанының куәсі болдық. Адам құқықтары және барлық салада азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың қажеттілігін баса айтты.

«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген сөзі әсіресе, ерекше есте қалды. Бұл жерде азаматтардың заңдылықты сақтаудағы жауапкершілігін де айтқан дұрыс болар. Жалпы, Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі барлық салада қарапайым азамат құқықтарымен байланысты екені анық байқалады.

Сонымен, білім саласындағы ендігі басымдылық гуманитарлық мамандықтардан техникалық салаға қарай ауысу және жаңа инженерлер буынын дайындау төңірегінде болуы керек. Ұстаздар үшін арнайы бағдарламалар жасауға және 2025 жылға дейін шетелдік танымал оқу орындарының 5 филиалын ашуға тапсырма берді.

Сонымен қатар, үкімет пен бизнестің халық, қоғам алдындағы жауапкершілігіне де тоқталып, саяси реформалардың жалғаса беретінін тілге тиек етті. Жалпы, Президент сөздерінің өн бойынан халыққа жақын да жағымды игі істер мен шаралардың нақты қолға алынатындығы байқала түсті.

Аманай СЕЙІТҚАСЫМОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
ректорының кеңесшісі, тарих және қоғамдық ғылымдар
академиясының академигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар