Ақмола облысында 30-дан астам адам жылыту пункттеріне эвакуацияланды

Ақпанның 14-де ауа райының нашарлауына байланысты Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылы, Атбасар қаласы және Жақсы ауылындағы өткізу бақылау бекеттерінде 500-ден астам автокөлік жинақталғаны байқалды.

Түнгі сағат 23:00-дегі жағдай бойынша Жақсы ауданында 28 адам оның ішінде 2 бала және Бурабай ауданында 5 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланып, жылу пункттеріне орналастырылды.

Эвакуацияланғандар арасында жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалпы, ауа райына байланысты межелі жерден тыс қалған азаматтарды уақытша орналастыру үшін 268 жылу пункті (республикалық 92, жергілікті 176) және 193 тамақтандыру пункті (республикалық 84, жергілікті 109) дайындалды.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын елді мекеннен тыс жерге сапарға шығуды жоспарлағанда, ауа райы болжамына құлақ түріп, « 112» құтқару қызметі жіберген СМС хабарламаларға назардан аударуды сұрайды.

Айта кетсек,  ақпанның 14-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы және жолдардағы қолайсыз жағдайға байланысты республикалық және 17 облыстық маңызы бар жолдардың 11 учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген болатын.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар