Балалар «Балапанда» тәрбиеленеді

Өткен күзде, жаңа оқу жылы басталғанда Бурабай ауданындағы Обалы ауылының негізгі орта мектебі жанынан «Балапан» орталығы ашылған еді. Онда шағын ауылдың 22 баласы мектепке дейінгі тәрбие алуда. Арнайы бағдарламаға сай балаларының ой-өрісін дамытып, тәртіпке үйренетініне ата-аналар дән риза. Сағат күндізгі 9-дан 6-ға дейін 15 бала, 10-нан 13-ке дейін 2 жастан 3 жасқа дейінгі 7 бала тәрбиеленуде.

-5 жасқа дейін балалар үшін ата-аналар 1 айға 9 мың теңге төлейді. Ал бөбектер тегін тәрбиеленеді. 4 тәрбиеші жұмыс жасайды. Балаларға таңертеңгі ас, түскі ас беріліп, түстен кейін жеңіл тамақтандырылады.

Жас ерекшеліктеріне сай балалар әртүрлі ойындар арқылы әріптерді танып, сандарды үйренуге, ән салып, би билеуге, жаттау жаттауға дағдыланып, ұлттық тәрбиенің асыл ұшқындарын бойларына сіңіреді. Сондықтан да, ауыл адамдары балаларының біздің орталыққа барып жүргендігіне қуанады,- дейді, орталық жетекшісі Ақниет Төкенова.

Серік Сапарұлы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар