Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

 Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауыма рұқсат етіңіздер!

Көктемнің бұл күні әрқашан гүлдер мен сыйлықтарға толы, сіздердің қуаныштарыңыз, шат күлкілеріңізбен шырайлы. Бұл күні сіздерге өзімнің құрметімді, алғысымды және таңданысымды жеткізгім келеді. Сіздердің баршаңызға, аяулы жарларымызға, аналарымызға,  әжелерімізге, апаларымыз бен қарындастарымызға, қыздарымызға және әріптестерімізге шын жүректен ризашылық лебізімізді білдіру – парызымыз. Сіздер ер азаматтармен бірге талай салада небір кәсіби біліктіліктеріңізді көрсетіп келесіздер. Тіпті, алда жүретін қасиеттеріңізге де қанықпыз.

2021 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бірқатар бастамалары әйелдердің құқықтарын кеңейту, ана мен баланы қорғау мәселелеріне арналды. Отбасын қорғау үшін «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін отыз пайыздық квота енгізілді, полиция органдарында әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі құрылымдардың саны артты.

Біздің ақмолалық әйелдер мен қыз-келіншектер аймақ экономикасының түрлі бағыттарының нығаюына лайықты үлестерін қосып келеді. Саясатта, экономикада, бизнесте, өндірісте, білім мен медицинада да өздерінің лайықты орындарын алуда.

Майдангер әйелдер, тыл еңбеккерлері өз иықтарымен сонау соғыс жылдарының бүкіл ауыртпалықтарын көтергендіктен, біздің ерекше алғысымызға лайық. Он мыңнан астам көп балалы ана, соның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларына ие болған алты мыңнан астам ана бүкіл облысымыздың мақтанышы десек артық емес.

Облыста 20 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін әйел адамдар басқарады. Соңғы төрт жылдың ішінде «Бизнестің Жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 777 әйел кәсіпкер мемлекеттен 52 миллиард теңгенің көмегін алды.

Облыста 85 әйел барлық деңгейдегі мәслихаттың депутаты, 11 әйел аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары болып табылады және әрбір бесінші ауылдық және кенттік округтердің әкімі осы нәзік жандылар өкілі болып саналады.

Ал, сол сияқты, облысымызда қаншама тамаша да талантты, қайталанбас дәрігерлер, педагогтар, спортшылар, шығармашылық мамандық иелері бар десеңізші! Бұл күнде әйелдер мен қыз-келіншектер жұмыс істемейтін саланың өзін табу қиын. Сіздерге ғылыми жаңалық, қоғамдық тәртіпті қорғау, үй шаруасы, балаларды тәрбиелеу, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға қамқорлық жасау болсын, кез-келген  биіктікті бағындыру қиын емес. Қысқасы, әрқайсыларыңыз ең жоғары бағаға лайықсыздар.

Біздің сүйкімді жарларымыз, аналарымыз, әжелеріміз, қыздарымыз бен апа-қарындастарымыз! Көктемнің осы бір көрікті күні Сіздерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа үміт, жаңа армандар әкелсін. Сіздерге мол шаттық, отбасы бақытын, денсаулық, әлемнің бар жақсылығын тілеймін!

* *  *

Қымбатты ханымдар!

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтайды! Бұл мереке әрдайым мейірімділікке, нәзік гүлдердің хош иісіне, көктемгі балғындыққа, жаңа жоспарлар мен жаңа үміттерге толы!

Сіздер бұл әлемді үйлесімділікке, нәзіктікке және өмірлік қуатқа толтырасыздар, оны рухани жомарттықпен жылытып, жайлылық пен мейірімділік ахуалын жасайсыздар.

Сонымен қатар, Сіздер, қымбатты әйелдер, үй шаруасымен айналысуға, әртүрлі қызмет салаларында биіктерге жетуге де үлгересіздер, өз міндетіңізге, сеніміңізге, ісіңізге үнемі құрметпен қарайсыздар.

Сіздер осылай өмірсүйгіш, өнертапқыш, сан қырлы, талантты, ерекше, шуақты болып қала беріңіздер! Өмір әрқашан осылайша қандайда бір ауыртпалықсыз өз жақсылығын сыйлай берсін. Денсаулық, барлық жерде сәттілік, қимас жандармен өзара түсіністік тілеймін!

 Мұрат БАЛПАН,        

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар