Өңірде боранды күндері жолда қалған 80 адам құтқарылды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты 29-30 наурыз аралығында өңірде республикалық маңызы бар 21 және облыстық маңызы бар 35 автожолда көлік қозғалысы тоқтатылған.

Жолдың жабылуы туралы хабарламаны елемей жолға шыққан 80 адамды құтқарушылар жылыту орындарына жеткізді. Олардың арасында кішкентай балаларда бар.

Боранда жолда қалған адамдар мен автокөліктерді құтқару жұмыстары Бұланды, Шортанды, Жақсы, Есіл, Аршалы, Астрахан, Целиноград, Қорғалжын және Атбасар аудандарында жүргізілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар