Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету үшін аудандарға Ақмола облыстық ТЖД күштері мен құралдары жіберіледі. Соның ішінде құтқарушылардың алғашқы легі Целиноград ауданына аттанды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Бүгін құрылған колонналар тікелей Целиноград ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Барлығы күштер мен құралдар тобы 59 адам, 15 техника, екі мотопомпа 10 жылжымалы мотопомпада тұрады», – дейді ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.
Ақмола облысының аумағында гидрологиялық бекеттер ауданындағы су объектілерінде тұрақты мұз қабаты сақталады. Облыстың су қоймаларындағы мұздың қалыңдығына келсек, Астана су қоймасында – 82 см, Сілеті су қоймасында – 90 см құрайды. Сондай-ақ, су тасқынының жағдайы күрделенген кезде облыстардан құтқарушылар тобы көмекке келеді.