«Өмірдің әсем әуені…»

«Көңілдің қимас күйіне салсаң…», «Увлекателен этой жизни мотив…» деген тақырыпты осылай аударуға болар, бәлкім. Бұл – кеше ғана арамызда, жайдары күліп, жай басып жүрген әріптесіміз, марқұм Серік Смағұловтың өмір-дарияға деген көзқарасы іспетті. Кітабы осылай аталыпты. Жинақтап, баспаға ұсынған – балалары.

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында белгілі журналист, кезінде Көкшетаудан шыққан «Курс», одан кейін «Республика.КЗ», «Любимый город», «Степной маяк», «Акмолинская правда» газеттерінің бас редакторы болған Серік Зайкешұлы Смағұловты еске алу кеші өтіп, кітабы таныстырылды. Ол бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Амандық ауылының тумасы болатын. Алматыдағы Абай атындағы ҚазПИ-дің түлегі. Еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастап, бірқатар мемлекеттік қызметтерде істеп, біржола журналистикаға көшкен. Табиғатынан биязы, жұмсақ мінезді жігіттің оқырман газет беттерінен талай тартымды мақалалары мен сұхбаттарын оқығаны белгілі. Көп уақытын редактор ретінде жас журналистердің жазған-сызғанын түзеуге арнағаны тағы даусыз. Алайда, оның поэзия жанрына қалам тартатынын жанында жүрген әріптестері де білмепті.

Міне, оқырман енді оның жаңа кітабынан өрнекті өлеңдерін, прозалық шығармаларын, очерктері мен сұхбаттарын, сондай-ақ, әріптестерінің ол туралы мақалаларын оқи алады.

Кеш барысында ардагер журналистер Төлеген Қосшығұлов, Дәулетжан Ахметжанов, Шыңғыс Ташенов, Нина Митчиновалар, туыстары марқұмды еске алып, сөз сөйледі.

                                                 Серік САПАРҰЛЫ,

                                                 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар