Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандар бойынша елді мекендерде және жолдарда су тасқынына байланысты күрделі жағдайлар жоқ. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы жұмыс істеуде.
Биылғы жылғы 29 наурыздан бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесі «жоғары дайындық» жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Сонымен бірге, су тасқынына қарсы облыстық жедел штаб құрылып, «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды. Тұрғын үйлерді, әлеуметтік және басқа да сала нысандарын су басу тіркелген жоқ.
Өңірлерде 315 тонна жанар-жағар май, 17,2 мың тонна инертті материалдар, 76,8 мың дана қаптар дайындалды. Эвакуацияланушыларды қабылдаудың 222 негізгі пункті дайындалды. Мал айдауға 625 орын және 1,2 миллион тонна жем әзірленді.
Биылғы жылдың 1-5 сәуірі аралығында Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін Департаментпен жеке құрамнан барлығы 117 адам жіберілді, оның ішінде: Ақмола облысының ТЖД 110 адам және Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД 7 адам және 28 бірлік техника, 3 мотожол және 26 бірлік мотопомпа жіберілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.