Мемлекеттік тілді насихаттаушылар марапатталды

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» деген тақырыппен облыстық конкурс өткізді. Конкурс жеңімпаздарын марапаттауға арналған жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова құттықтау сөз сөйлеп ашып, оза шапқандарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Конкурс «Үздік мақала», «Үздік сайт мақаласы», «Үздік әлеуметтік желі мақаласы», «Үздік телебағдарлама» номинациялары бойынша өтті. Конурсқа облыстағы газеттер мен телеарналардан барлығы 19 өтінім түскен екен. Материалдармен танысып, саралай келе, қазылар алқасы «Үздік мақала» номинациясы бойынша 1-ші орынды «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі Серік Жетпісқалиевқа, 2-ші орынды Целиноград аудандық «Есіл-Нұра» газетінің бас редакторы Жанат Түгелбаевқа, 2-ші орынды Қазақстанның Құрметті журналисі төсбелгісінің иегері Сайлау Көшкенұлына, 3-ші орынды тәуелсіз «Бұқпа!» газетінің бас редакторы Бақыт Смағұлға, тағы бір 3-ші орынды облыстық «Акмолинская правда» газетінің тілшісі Нина Митчинова          ға беру туралы шешім қабылдапты.

Сондай-ақ, «Үздік сайт мақаласы» бойынша «BAQ KZ» ақпартаттық агенттігінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Әсем Құлжанова да 1-ші орынды иеленді. Ал, «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша 1-ші орын  «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола облыстық филиалының тілшісі Гүлмира Аманбаеваға, 2-ші орын Жансұлу Жиенқұлға, 3-ші орын Абзал Балтабайға бұйырды. Басқа да қатысушылар еңбектері атаусыз қалған жоқ.

Конкурсқа қатысушыларды қазылар алқасының төрғасы, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының директоры Мерген Тоқсанбайлар құттықтады. Жиын соңы тартымды концертке ұласты.

                                                                     «Арқа ажарының» өз  ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар