Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қуыршақ театрына ақ жол!.. - АРҚА АЖАРЫ

Қуыршақ театрына ақ жол!..

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Алтын сақа»  студенттік қуыршақ театры ашылып, өзінің алғашқы қойлымының премьерасын өткізді.

Ел Президенті Қ. Тоқаевтың бастамасымен «Балалар жылы» атанған биылғы жылы жас бүлдіршіндердің жоғары талғамын қалыптастырып, білім көкжиегін кеңейтуге, ізгі ой-өрісін қалыптастыруға талпынған театр колледждің «Театр ұжымының жетекшісі» мамандығының 1 курс студенттерінен құрылған. Театр жетекшісі Нұрислам Әбділ болса, қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шәріп Ұзақов.

Жалпы еліміз бойынша барлығы 8 ғана қуыршақ театры бар екен. Бұл, әрине, өте аз. Көршілес Өзбекстаннның 16 облысында 16 қуыршақ театры бар көрінеді. Ал, алдағы күзде өзіміздің Шахмет Құсайынов атындағы қазақ театрында қуыршақ театрын ашу қолға алынып жатыр. Біздің студенттерімізге ол театрдың да шапағаты тиеді, тәжірибе алмасып, олардан үйреніп, толыға түсетін боламыз деп сенеміз,- деді , баспасөз конференциясында Нұрислам Әбділ.

Еліміздің бірнеше қуыршақ театрында режиссерлік қызмет атқарған, бұл салада тәжірибесі мол Шәріп Ұзақовтың 1-ші курс студенттерімен қойған алғашқы қойлымы «Сиқырлы қоян» атты орыс халық ертегісі болды. Арай Ерікқызы (қоян), Арғын Таниш (қасқыр), Мадина Сапиева (аю), Айзада Зейнет (кірпі), Мөлдір Ануаш (ара, көбелектер) сияқты шәкірттер өз рөлдерін ойдағыдай ойнап шықты.

-Ең бастысы балалардың ынтасы , «үйренсем» деген талпыныстары зор. Әйтпесе, бұл оңай өнер емес. Қуыршақтардың  дауысын салу ғана емес, жүріс-тұрысы, қозғалыстарында сыр көп. Бірақ, құлшыныс болса шеберлікті шыңдай беруге болады. Қуыршақтардың костюмдерін тігуді жолға қойып, «қуыршақ механиктерін» қалыптастыру керек,-дейді режиссер.

— Студенттік десек те қуыршақ театрының ашылуы үлкен жетістік, табыс. Бүгінгі таңда театрға барушылардың саны азайып барады. Сондықтан, балаларды жас кезінен тетрға үйретіп, талғамдарын қалыптастыра берудің маңызы зор.

Ал, бүгінгі қойылымнан жақсы әсер алдық. Мұндай қойылымдар жан дүниеңді жылытып жібереді. Бүгінгі қоғамға да керегі осы емес пе? Бастамаларыңызды қолдаймыз, сәттілік тілейміз!- деді жаңа театрдың премьерасын тамашалағаннан кейін жазушы-драматург Жабал Ерғалиев.

                                             Серік Сапарұлы,

                          «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар