Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы ағымдағы жылғы шілде айының 19-да кешкі сағат 21:03 шамасында Аршалы аудандық Полиция бөлімінің кезекшісі хабарлап айтты.
«1995 жылғы жылғы бойжеткен Астана су қоймасында гидроциклмен жүзу кезінде жағадан 250-300 метр қашықтықта суға құлап кетті. Іздестіру жұмыстарына 10 адам, іздеу иті және стационарлық эхолотпен жабдықталған екі маторлы қайығы бар құтқарушылар тобы суға жұмылдырылды. Суға батқан адамның денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда», – деді ведомстводан.