Кәрі тарихтың қайғылы беті

Заманауи әлем тарихында 29 тамыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл Халықаралық күні. Бұл мерекенің бастамашысы Қазақстан Республикасы болып саналады, өйткені, 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылды.

Адамзатқа үлкен қайғы-қасірет пен апат әкелетін ядролық қаруды сынайтын алаң Кеңес Одағында осыСемей полигоны болды. Бұл полигон Қазақстанның 18 миллион гектар аумағын алып жатты. 40 жыл ішінде Қазақстан әлемде жүргізілген барлық ядролық сынақтардың жартысына жуығын басынан өткерді.

Қазір белгілі болғанындай, жер үсті жарылыстарын жүргізген кезде бірқатар жағдайларда ядролық сынақтыңзардапты әсері полигонның аумағынан шығып, оған іргелес аудандарға тараған. 354 жер асты жарылысының үштен бірінде радиоактивті газ сыртқашығып, аумақты зақымдаған. Әсіресе, 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы орасан зор болды. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының сау тамтығын қалдырмауға жетіп артылатын.

Қазақстан осылайша ядролық қаруды сынаудың эксперименттік алаңына айналды. Осы арада не үшін деген сұрақ туындайды. Кеңестік тоталитарлық жүйе «қырғи қабақ соғыс» (1945-1991)  саясатына ешбір ақтау жоқ деп санаймыз.Ядролық сынақтардың зардаптары бүгінгі күнге дейін сезілуде.

Сөйтіп, 1989 жылғы ақпанда сол уақытта КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаттығына сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келіп, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. Нақ осы «Невада-Семей» Қазақстанда қайта құрукезеңінде ең ауқымды, бұқаралық қозғалысқа айналды. Бұл қозғалысты Қазақстанның үкімет орындары қолдады. «Невада-Семей» саяси қозғалысының бөлімшелері тек Қазақстанда ғана емес Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, тағы басқа елдерде де құрылды. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында  Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 53-ші сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру» қарарын қабылдады.

1991 жылы 29 тамызда Мәскеуде Төтенші жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның бүлігі сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жаңа жағдайда Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. ХХ ғасырдың бәрін жау көрген Кеңес Одағы тарихындағы қайғылы беттерінің бірі осылай аяқталды.

                                                                                 Нұрбике ҚОЖАБЕК.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар