Дала ерлері егін орағын еңсеріп тастады

Күні бүгінге дейін облыс диқандары барлық егістік алқаптың 91,9 пайызын жинап үлгерді. Гектар берекесі 11 центнерден айналуда.

Биылғы егін орағында қолбайлау болатын кедергілер жоқ. Күн де қарасып тұр. Көнекөз қариялардың айтуларына қарағанда, жаймашуақ дәл мұндай ашық күндер көптен бері болмағанға ұқсайды. Ендігі сын дала ерлеріне ғана түсіп тұр. Қызыл қырманнан жиналған ақық дән элеватор мен астық сақтау қоймаларына жеткізілуде. Келер күннің қамын ойлаған диқан-механизаторлар көктемгі егіске қажетті 520,8 мың тонна тұқымның 426,7 мың тоннасын қамбаға құйып алды. Бұл барлық қажеттіліктің 80,5 пайызы.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшыларының болжамына қарағанда, күзгі егін орағы бірер күннен соң толық аяқталмақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар