Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалық күдікті 15 жылқыны ұрлап, 11-ін сатып үлгерген - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалық күдікті 15 жылқыны ұрлап, 11-ін сатып үлгерген

— Полицейлер ақмолалық тұрғынның облыс аумағындағы аса ірі көлемдегі мал ұрлығына қатысы барын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жақсы ауданы тұрғынының жылқы ұрлауға қатысы бары анықталды. Бұрын сотталмаған 46 жастағы жылқышы шілде айында Жарқайың ауданы Баранкөл ауылында 15 жылқыны ұрлап кеткенін мойындады. Полиция қызметкерлері қаскүнемнің сарайынан 4 жылқыны тапты. Қалғанын ер адам сатып үлгерген», — деп жазды ведомство.

Айта кету керек, ұрлық жасалғаны туралы өтінішпен аудандық полиция бөліміне ешкім жүгінген жоқ.

Қазіргі уақытта Жарқайың және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері фигуранттың өңір аумағында осындай ұрлыққа қатысын тексеруде. «Мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар