Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жандыңыз талай жұлдыз боп... - АРҚА АЖАРЫ

Жандыңыз талай жұлдыз боп…

Жабал Ерғалиевқа

 Аға, деп сәлем беремін,

Күн сайын сізге ұмсынып.

Естимін сосын жауапты,

Көңілден шығар бір тұнық.

 

«Қал қалай?» дейсіз іш тартып,

Бөлінбес солай іргеміз.

Бір газет, бір ой, бір мақсат,

Он жеті жыл біргеміз.

 

Бастан да нелер өтпеді,

Осы бір уақыт ішінде.

Газетке ғана құштарлық,

Білесіз, Аға, күшінде.

 

«Көкшетауда» да қанша жыл,

Жазумен өтті біздің күн.

Жүруде ел деп жан салып,

Еншісінде ғой ізгінің.

 

Жандыңыз талай жұлдыз боп,

Жандыңыз талай от болып,

Бойыңызда мына Көкшеге,

Махаббатыңыз көп болып.

 

Алатауға да жақынсыз,

Жәкеңнің тартып жыр-әні.

Қалғыған кезін көргем жоқ,

Намыстауыңыздың қыраны.

 

Осылай жүріп жатырмыз,

Жақсыларменен жанасып.

Ағаны тауып алады,

Көздегі іңкәр қарашық.

 

Қарға тамырлы қазақпыз,

Несіне керек бөтен ой?!

Күз биыл жылы десем мен,

Мерейтойыңыздан екен ғой.

 

Санасам көп-ау, қасиет,

Ішінде сіздік тұнықтың.

Жетпісіңізді бір барлап,

Тағы да Аға, соны ұқтым!

Қайырбай Төреғожа. 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар