Кітаппен дос бол, бүлдіршін!..

Қазақтың көрнекті ойшыл қаламгері Әбіш  Кекілбайұлы айтқанындай, «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана».

Модельдік балалар кітапханасы Балалар жылы аясында жас оқырмандардың, смартфоннан көз алмайтын жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, олардың рухани білімін жетілдіру, әдеби-көркем туындыларды оқыту арқылы кітап оқу дәстүрін дәріптеу,бойында таланты бар оқырмандарды ынталандыру, кітап оқуға қызықтыру  мақсатында 24 қазан мен 16 қараша аралығында «Кітап оқып,сыйлық ал!» күзгі кітап оқу сайысын ұйымдастырған болатын.

Сайыстың оқыған кітаптар бойынша тестілеу кезеңі аудандық білім бөлімінің әдіскері Шынар Қаскеева,аудандық орталық кітапхананың библиографы Зәмзәгүл Қуанышеважәне «Тілдерді оқыту» орталығының маманы Кенжегүл Шотанқызы қазылық еткен қазылар алқасының қатысуыменковоркинг орталықта оқырмандарымызға арналған марапаттау кеші ұйымдастырылды.Марапаттау кешінде «Алпамыс батыр» эпосы, «Менің атым Қожа» және «Алтын тостағанды іздеу» повестерін жарыса оқып,тестілеу кезеңінен сүрінбей өтіп,сайысқа белсенді қатысқан оқырмандарға мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жақсы көрсеткішке жеткен оқырмандар «Білгір»,ал, сайыс ережесі бойынша берілген кітаптардың бәрін оқыған оқырмандар «Үздік оқырман»,ең үздік нәтиже көрсеткен оқырмандарымыз «Жыл оқырманы» номинацияларымен марапатталып,бағалы сыйлықтарға ие болды. Балалар жылына орай оқырмандарымызға көңіл-күй сыйлап,сайысымызға қаржылай көмек көрсетіп, жомарттық танытқаназаматтарға  шын жүректен ақ алғысымызды білдіреміз.

Бұланды аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің
модельдік балалар кітапханасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар