Мың алғыс сізге, қадірлі ұстаз!

Біздің сүйікті ұстазымыз Олжас Жеңіс ұстаздар ұясынан түлеп ұшқан адам. 2018 жылы облыс орталығындағы №1 орта мектепте еңбек жолын бастаған.

Олжас Ақанұлының көптеген шәкірттері ұстаздың ұлағатын ұғып, қазақ тілін еркін меңгеріп, білім көкжиектерін кеңейтуде. Ұстаз шәкірттерін тәрбиелеу кезінде әдістемелік материалдарды тиімді пайдаланады. Ең басты талабы, жергілікті ұлт тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана біліп, оның бар шұрайлы да шұғылалы көркемдігін меңгеру.

Ұлағатты ұстаздың ерен еңбегі ақталуда. 2020 жылы қалалық онлайн сабақта Олжас Ақанұлының шәкірттері үшінші орын алса, қалалық «Абай оқулары» байқауында ерекше көзге түсті. Белсенді жұмысы үшін облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ұстаз еңбегінің, оның жан-тәнімен атқарған жұмысының көз қуантып, көңіл тоғайтар жемісті де жеңісті сәті өзі тәрбиелеп, бойларына білім нәрін сіңірген шәкірттерінің табысы. Осы орайда, біздің ұжымдағы бала жанының бағбаны нәтижелі еңбек етуде. Сол үшін де мың алғыс сізге, қадірлі ұстаз!

Ізгі тілекпен,
Көкшетау қалалық №1 мектеп гимназиясының 10 «в» сынып оқушылары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар