Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде

– Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 16 жасар жасөспірім іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Щучье қаласында 2007 жылы туған Руслан Тұрлыбекұлы Зарубин 7 қаңтарда түнгі сағат 02:20 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 8 қаңтарда анасы Бурабай аудандық ПБ өтінішпен жүгінен.

Әйелдің сөзінше, ұлы қарға көлігі батып қалған досына көмектеспекші болып, үйден шығып кеткен. Ұлы бірнеше рет телефон соғып, жақын арада үйіне келетінін айтқан, алайда кейін ұялы телефоны өшіп қалған.

«Жасөспірімнің орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын қолға алып, колледждердің жатақханалары, қонақ үйлерді тексерді, кәмелетке толмағанның таныстары мен достарынан сұрастырды. Жоғалған жасөспірімді іздеуге ПД бөлімшелері, Бурабай аудандық ПБ, патрульдік полиция бөлімшелері, Бурабай курортындағы желілік полиция бөлімшелері, жұртшылық және өзге де күштер бағытталды», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары жоғалған адамды көрген және жүрген жерін білетін адамдар болса, 102 арнайы желісіне қоңырау шалуын сұрайды.

Жасөспірімнің бойы шамамен 155-160 см, көк көзді.

Үстінен тоқылған сұр түсті шәпкі, қара және көк түсті куртка, қара түсті спорттық шалбар, қоңыр кроссовка, өзімен бірге алтын түсті корпуста LG маркалы ұялы телефон болған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар