Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны өндірісте ауыр жарақат алды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлметінше, биылғы жылғы қаңтардың 7-де Целиноград аудандық ПБ кезекші бөліміне Астана қаласы жедел басқару орталығының кезекшісі хабарласып, хирургия бөлімшесіне «оң жақ қолдың шынтақтан төменге дейін ампутациясы» диагнозымен ер адам жеткізілгенін айтты.

Зардап шеккен 21 жастағы жас жігіт Целиноград ауданындағы зауыттардың бірінің жұмысшысы. Жұмыс орнында жарақат алған.
Осы дерек бойынша полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар