Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтардың өтініштері уақытында және сапалы қаралсын - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтардың өтініштері уақытында және сапалы қаралсын

Өткен дүйсенбі күні Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасы алқасының кезекті отырысы өтті деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Отырысқа Ақмола облысы құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы А.Қарпықпаев, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ, алқа мүшелері қатысты.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бастамасымен күн тәртібіне азаматтардың өтініштерін қараудың сапасы мен мерзімі туралы мәселе шығарылды.

2022 жылы облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жеке және заңды тұлғалардан 79 909 өтініш келіп түсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12,7 пайызға артық.

Талдау барысында азаматтардың өтініштерін қарау, басқа органдарға қайта жіберу мерзімдерінің көптеген бұзушылықтары анықталды. Азаматтардың өтініштерін қарау кезінде анықталған барлық бұзушылықтар бойынша Ақмола облысының прокуратура органдары қадағалау актілерін енгізді, олардың нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуроры А.С.Майлыбаев азаматтардың өтініштерін қарау бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының жеке жауапкершілігін күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, облыс прокуроры халықтың мемлекеттік органдарға сенім деңгейі олардың өтініштерін қарау сапасына тікелей байланысты екенін де еске салды.

Мұндай бұзушылықтарды болдырмау үшін облыс прокуратурасы алқасының алаңында облыстың мемлекеттік органдарымен азаматтардың өтініштерін сапалы және уақтылы қаралуы талқыланып, нақты шаралар әзірленді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар