Экологиялық конкурста үздіктер анықталды

2020-2023 жылдарға арналған білім беру процесіне экологиялық тәрбиені енгізудің Жол картасын іске асыру аясында Ақмола облысының сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтері арасында «Экологиялық білім беру және тәрбиелеу» үздік әдістемелік әзірлемелердің облыстық сырттай конкурсы өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты экология, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыратын педагогтердің тәжірибесін қолдау және насихаттау болып табылады.

Байқауға педагогтер тың дайындықпен келген. Қай-қайсысы болмасын үздік білім нәтижелерімен көзге көрінді. Дегенмен, байқаудың аты байқау. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады», – демекші  конкурс қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының ұйғарымымен  жеңімпаздары анықталды. Сандықтау ауданына қарасты Веселое ауылының Социалистік Еңбек Ері Байдалы Оразалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Б.Есенбаева жүлделі 1-ші орынды жеңіп алып, үздік атанды.

Жүлделі II-ші орынды  Біржан сал ауданындағы Ақсу ауылының негізгі орта мектебінің мұғалімі Айбарша Қарағызова, Астрахан ауданының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ольга Филипенко, Есіл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының педагогы Гүлнәр Ахметбекова өзара бөлісті.  Ал, жүлделі III-ші орынмен Шортанды ауданы Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Людмила Штоль, Есіл ауданының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Марина Андреева,

Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Арайлым Маженова, Ақкөл қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Евгения Дель  марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастыру алқасының арнайы дипломдары табыс етілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар