Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де өте маңызды. Себебі, жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдай алады, ал, жұмыс іздеп жүрген жастар мамандықтары бойынша жұмысқа орналаса алады. Жастар ресурстық орталықтары қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту бойынша қызметтер көрсету болып табылатындықтан, жастарды жұмыспен қамту – басты назарымызда.
Жастарды жұмыспен қамту аясында облыста бос жұмыс орындар жәрмеңкесін жиі ұйымдастырып тұрады. Жуырда Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы осындай бос жұмыс орындар жәрмеңкесін «Гормолзавод» ЖШС-інде ұйымдастырып, өткізді. Айта кету керек, бұл жастар ресурстық орталығының әр тоқсан сайын өткізіп отыратын жәрмеңкелерінің бірі.
Бұл жолы да жұмысқа орналасу, өндірістегі жұмысты көрсету, сондай-ақ өзінің ашық бос жұмыс орындары туралы әңгімелеу болды. Аталған жәрмеңкеге «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттері, Көкшетау қаласының жоғары медициналық колледжі, жастар арасында жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдері және «ГОРМОЛЗАВОД» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Шара барысында кәсіпорын бойынша экскурсия, сондай-ақ өнімдердің дәмін тату өткізілді. «Көкшетау Гормолзавод» ЖШС ішкі нарықта ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді. Бұл сенімділікті арттыратын мерзім екенін атап өткіміз келеді. Шара барысында зауыт қызметкерлері қатысушылармен аталған кәсіпорынның тарихы және сүт өнімдерін сату туралы мәліметтерімен бөлісті. Жалпы, іс-шара өте тартымды өтті. Қатысушылар зауыт туралы біраз қажетті ақпарат алды. Жалпы, осындай бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің форматы біздің тарапымыздан бірінші рет өткізіліп отырмағанын тағы бір айтқымыз келеді. Бұрынғы жәрмеңкелердегідей, бұл жай да зауыттың тыныс-тіршілігі, ондағы мамандықтар бірқатар жастарымызға ұнап, жақсы ой салды. Келешекте мұның нәтижесі болады, сөйтіп, олар өмірдегі өз орнын осы кәсіпорыннан да табады деген ойдамыз.
Жәрмеңкенің соңында барлық қатысушылармен естелік фото ұйымдастырылды.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.