Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Некені бұзуды тіркеу тәртібіндегі өзгерістер - АРҚА АЖАРЫ

Некені бұзуды тіркеу тәртібіндегі өзгерістер

2019 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Неке-отбасы заңнамасының сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу бөлігіне өзгерістер енгізілді. Бұл сот органдары шешім шығарғаннан және ол заңды күшіне енгеннен кейін АХАТ органдарында шешім тіркелмейтінін білдіреді. Бұл ретте, неке қию туралы актінің жазбасына міндетті түрде некені бұзу туралы белгі қойылады (егер ол автоматты түрде қойылмаса).

2019 жылғы 10 желтоқсанға дейін шығарылған сот шешімі негізінде некені бұзу кезінде некені бұзу туралы акт жазбасы кез келген тіркеуші органда тіркеледі. Егер некені бұзу туралы актінің жазбасы АХАТ жүйесінде бұрыннан бар болса, онда ол жетіспейтін мәліметтермен толықтырылады.

Тіркеуші органда некені бұзу: кәмелетке толмаған балалар, мүліктік даулар, сондай-ақ, бір-біріне қатысты өзара шағымдар болмаған жағдайдажүзеге асырылады. Бұл жағдайда сот ісін жүргізусіз жасауға болады және ажырасу процесі айтарлықтай жеңілдетіледі. Өтініш берушілерге ойлануға бір ай уақыт беріледі, ниет расталған кезде АХАТ органдарында некені бұзуды тіркеу жүргізіледі.

Неке-отбасы заңнамасы бұл ұғымды ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған жағдайда, некені тоқтату ретінде де қолданады, онда ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы туралы неке қию туралы актінің жазбасына белгі қойылады.Неке қию туралы актінің жазбасында некені бұзу, тоқтату туралы белгі болған кезде, неке қию туралы қайталама куәліктер берілмейді.

Ерлер мен әйелдер үшін, әсіресе, кәмелетке толмаған балалар үшін некені бұзу процесі қаншалықты қиын болса да, азаматтар некені бұзу тәртібін білуі керек.

Сот шешімі бойынша некені бұзу саласындағы жаңалық 2019 жылы енгізілді, алайда, іс жүзінде азаматтар ескі тәсілмен некені бұзу туралы куәлік сұрайды. Демек, азаматтарға сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап неке бұзылды деп саналатынын тағы бір рет еске салу артық болмайды.

Мадина Төкеева,
Ақмола облысы Әәділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды
тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар