Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Семей – Невада» полигонының жабылғанына 32 жыл толды - АРҚА АЖАРЫ

«Семей – Невада» полигонының жабылғанына 32 жыл толды

Миллионға жуық адамның өміріне зардап келтірген, көлемі 18.5 мың шаршы метрді құраған ядролық атом полигоны халқымызға, оның ішінде Ұлы ақын Абай туған қасиетті Семей өлкесіне үлкен қасірет әкелді.

Ядролық жарылыстардың салдарынан кем балалардың дүниеге келуі, қалқанша безінің қатерлі ісіктері, гемабластома, лимфома және созылмалы лейкемия аурулары жиі кездесті.

Биыл полигонның жабылғанына 32 жыл толып отыр. Осы орайда өткен бейсенбі күні Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен облысымыздағы «Семей – Невада» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті. Жиынды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандаулет Қылышбаев өз сөзімен ашты:

–Семей сынақ алаңы КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен құрылған сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданының, сонымен қатар, Павлодар, Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыған. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 470 қуатты, әртүрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде 90, жер бетінде 26, жер астында да 26 сынақ болған. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі  күрт көтерілген. Полигонда жасалған барлық жарылыстардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның күшінен 2500 есе артық болған.

Кездесу барысында Ақмола облысы бойынша «Семей – Невада» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбек Балғабаев, Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өкілі Нұргүл Бексұлтанова және Көкшетау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев сөз сөйлеп, Семей полигоны туралы деректерді толықтыра түсті, халқымыздың қырық жыл бойы осы ядролық сынақтардан көрген зардабын көз жеткізе ортаға салды.

Аталмыш сынақ айлағын жабу туралы жарлық 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған. «Семей – Невада» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс, қоғамдық-саяси ұйым ретінде 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, сол жылғы қазан айында ресми тіркелген. Оны алғашқы болып басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс, ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті. Сөйтіп, Семей ядролық полигонында сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары  мен аймақтарында, сондай-ақ, Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия елдерінде ұйымның бөлімшелері жұмыс істеді.

Кездесу соңында полигонның жабылуына ат салысқан ақмолалық ардагерлер «Семей – Невада» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, барлығы 34 адам облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар